Түпнұсқа Аксессуары

Түпнұсқа Аксессуары

Toyota аксессуарлары арқылы көлігіңізге ерекше стиль қосыңыз. Олар жай ғана сәнді етіп қоймай, жоғары деңгейдегі жайлылық пен функционалдылықты қамтамасыз етеді. Аксессуарлар арнайы сіздің көлігіңізге лайықталып жасалған, бұл – сапаға, мінсіз сәйкестікке және көлігіңізге деген қамқорлыққа кепілдік береді.
Аксессуарлардың фотосуреттері көрсету үшін берілген. Аксессуарлар автокөлік моделіне байланысты өзгеруі мүмкін. Қолжетімділігі мен үйлесімділігін сіздің қалаңыздағы ресми дилерден нақтылаңыз.

 

  • 7-Текстильные-коврики-для-салона

    Салонға арналған тоқыма төсеніштер

    Материалы мен қапталуына қарамастан, Toyota кілемшелерінің артқы жағы тайғанақтықтың алдын алады және еденнің негізгі жабындысын сенімді қорғайды. Сәнді, ыңғайлы және тозуға төзімді тоқыма кілемшелер интерьерге ерекше стиль қосады.

  • 8-Резиновые-коврики-для-салона_1

    Салонға арналған резеңке төсеніштер

    Ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан, сіздің көлігіңіздің салоны әрдайым таза күйінде қалуы керек.Түпнұсқадағы резеңке кілемшелер салонды балшықтан, судан және ұсақ бөлшектерден сенімді қорғайды және еденге мықтап бекітіледі.

  • 9_Коврик_багажника

    Жүксалғышқа арналған төсеніш

    Кілемше жүксалғыш еденінің жабындысын жүк тасымалдау кезінде сенімді қорғайды және  оңай жуылады. Көлемі жүксалғыш бөлігінің ішкі бетімен толық сәйкес келеді.

  • 14_Дефлектор_бокового_стекла-1

    Терезе қорғаушы дефлектор

     Терезеле дефлекторлары салонның оңтайлы желдетілуін қамтамасыз етеді және автокөліктегі микроклиматты жақсартады.Сүйір пішіні аэродинамикаға әсер етпейді. Жоғары сапалы материал ұзақ қызмет етіп, жауын-шашын кезінде жайлылық сыйлайды.

  • Toyota Kazakhstan

    Лай-балшықтан қорғағыштар

    Қиын ауа райы жағдайларында қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді. Олардың ерекше конструкциясы су, кір және тастардың көлігіңіздің корпусына түсуін азайтады.  Этиленвинилацетат пен полипропиленнен жасалғандықтан беріктігі мен ұзақ қызмет етуі қамтамасыз етілген.

  • 15_Дефлектор_капота-1

    Капот дефлекторы

    Капотты сызаттар мен сынықтардан қорғайды. Ол ауа ағыны мен ұсақ заттардың бағытын өзгертіп, автокөліктің сыртқы түрін сақтайды және капоттың қызмет ету мерзімін ұзартады.

  • Защитные-молдинги-для-дверей-01

    Есіктерге арналған қорғаныс молдингтері
     

    Шанақтың *түсіне сәйкес келетін молдингтер есік жиектері сыртқы объектілерге кездейсоқ тиіп кеткенде бояудың сынуын болдырмайды. 

    *Түстердің қолжетімділігін Toyota дилерлерлік орталықтарынан нақтылаңыз.
  • Боковые пороги

    Бүйірлік табалдырықтар
     

    Көлікке міну мен түсу кезінде ыңғайлылық сыйлап,сәнді және үйлесімді көрініс береді. Сонымен қатар көліктің төменгі бөлігін кір мен зақымданудан қорғайды. Жоғары сапалы материалдардан жасалған.

  • Защитные-пленки-под-дверные-ручки

    Есік тұтқаларының астына арналған қорғаныс қабықшасы

    Есік тұтқасының лак-бояу қаптамасын сызаттардан  қорғайды. Күн сәулесінде сарғаймайтын  берік полиуретаннан жасалған.

  • toyota accessories

    Кузовқа арналған ProTect қорғанысы

    Керамикалық қорғаныс қабаты жол кірі, қышқыл жауын-шашын, тұз және ультракүлгін сәулелерінен тамаша қорғаныс береді. Сонымен қатар, су өткізбейтін және түс жоғалуына жол бермейтін ерекшелігі бар.

  • toyota accessories

    Мата салонға арналған ProTect қорғанысы

    Көрінбейтін қабықша мата жабындарын тұрмыстық ластанудан қорғайды. Ластануды оңай сүртіп тастауға болады, ал орындықтардың қаптамасы таза күйінде қалады. Бұл қабықша барлық Toyota автокөліктерінің салондарына жарамды.

  • toyota accessories

    Дискілерге арналған ProTect қорғанысы

     Дөңгелек дискілерін қорғау оларды тежегіш шаңынан, жол кірінен және жауын-шашыннан қорғайды. Лабораториялық сынақтар оның 700 °C дейінгі температураға төзімді және 400 °C дейінгі температурада тежегіш колодкаларын шаңнан қорғайтынын көрсетті.

  • Пластиковый-защитный-вкладыш-в-кузов

    Шанаққа арналған пластик қорғаныс қаптамасы

    Пикапыңыздың жүксалғыш есігі мен борттарының жоғарғы жиектері зақымдануға жиі ұшырайды. Әр модельдің жүк платформасына дәл үйлестірілген арнайы төсеніштер бұл аймақтарды тиімді қорғайды. Қосымша қаптамалар мен жабындарды қажет етпей, олар ауа райының әсеріне төзімділігімен және ұзақ қызмет етуімен ерекшеленеді.

  • Жүксалғышқа арналған қатты қақпақ

     Жоғары сапалы екі қабатты ABS пластиктен жасалған, жүк бөлімін қорғайды және қосымша сақтау орнын қамтамасыз етеді. Оның құлыпталатын, қайырмалы және қараңғыланатын терезелері, сондай-ақ батареямен жұмыс істейтін ішкі LED жарықтандыруы бар.

  • 19_Диск_колесный_1

    Жеңілқұймалы дискілер

     Алюминий қорытпасынан жасалып, термиялық өңдеуден өткен берік дискілердің дизайны Toyota автокөліктерінің сыртқы көрінісіне толық сәйкес келеді және оған қосымша айқындық береді. 

  • 20_Лампочка_для_двери-с-проекцией

    Есіктерге арналған проекциялы шам

     Бұл жарықдиодты шамдар оңай орнатылады және көлігіңізге ерекше сән беріп, қараңғы уақытта есік жанындағы аумақты жарықтандырады. Сонымен қатар есікті ашқанда модельдің логотипін жерге проекциялайды.

  • Боковые-молдинги

    Бүйірлік молдингтер

    Көліктің сыртын майда соққылар мен сызаттардан қорғайды. Сонымен қатар көлігіңізге сәнді және үйлесімді көрініс береді. Орнатылуы оңай және материалдары пластик, металл, хром немесе боялған қаптама түрінде болады.

  • 22_Спойлер_1

    Спойлер

    Көліктің аэродинамикасын және жоғары жылдамдықтағы тұрақтылығын жақсартып,көлікке спорттық көрініс береді. Берік материалдардан жасалған.

  • 23_Насадка_выхлопной_трубы

    Шығарылған газ түтігіне арналған саптама

    Көліктің сәнін келтіріп, газ шығару жүйесін кірден қорғайды. Тот баспайтын болаттан жасалғандықтан, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды және коррозияға төзімді. 

  • 24_Алюминиевая_накладка_порога

    Табалдырыққа арналған алюминий төсем

    Көлік табалдырығын зақымданудан қорғап,  сәнді көрініс береді. Берік және коррозияға төзімді алюминийден жасалғандықтан ұзақ қызмет етеді.

  • 28-Багажный-бокс-на-крышу-1

    Шатырға арналған жүк қорабы
     

    ABS-пластиктен жасалған арнайы қорап ультракүлгін сәулелерге төзімді, беріктігін және түсін сақтайды. Көп нүктелі орталықтандырылған құлыптау жүйесі жоғары сенімділікпен ерекшеленеді.

  • 29 _Держатель_для_лыж_и_сноубордов

    Шаңғы мен сноубордқа арналған ұстағыш
     

    Шаңғы мен сноубордтар резеңке төсемдер арасында бекітіліп, сырғып кетуден қорғалады. Шаңғыны құлыптау үшін бір кілт жеткілікті. Қолғаппен ашуға ыңғайлы батырмасы бар.

  • 30_Держатель_для_перевозки_велосипедов

    Шатырға велосипед тасымалдауға арналған бекіткіш

    Жеңіл және берік бекітуге арналған құрылым төбелік багажник немесе рейлингті қажет етеді. Дөңгелектер мен рамаларды бөлек бекіту тұрақтылықты қамтамасыз етеді, ал реттелетін рамалық ұстағыш орнатуды жеңілдетеді.

  • 27_Поперечные_рейлинги

    Рейлингтерге арналған көлденең тіректер

    Сенімді алюминийден жасалып, анодталған қабатпен қапталған маңдайшалар көліктің төбесіне арналған әмбебап бекіту жүйесі болып табылады.Жүк тасымалдауға арналған барлық қажеттіліктерді қамтиды.

  • 26_Багажная_сетка-1

    Жүксалғыш торы

    Торлар көлік жүксалғышындағы арнайы ілгектерге бекітіледі.Жүктің орнынан қозғалмауын қамтамасыз етіп, ұсақ және сынғыш заттарды тасымалдау үшін таптырмас шешім.

  • Фаркоп

    Фаркоп

    Тіркемені  сенімді және қауіпсіз жалғауды қамтамасыз етеді. Әр модельге жеке әзірленген және R55 стандартына сай, коррозияға жоғары төзімділікке ие.

  • 18_Мини_холодильник

    Портативті шағын тоңазытқыш

    Жоғары сапалы полиуретаннан жасалған және ECE стандарттарына сәйкес келетін мини тоңазытқыштар өнімдерді сақтау үшін оңтайлы температураны ұстап тұрады.

  • Багажная-сумка

    Жүкке арналған сөмке

    Жүксалғыштағы орынды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ыңғайлы және жиналмалы конструкциясы бар, 10 кг-ға дейінгі жүктемені көтере алатын функционалды сөмке.

  • toyota accessories

    Балаларға арналған орындық

    Ыңғайлы және жайлы балалар креслосы ең кішкентай жолаушыларды жолдағы кез келген күтпеген жағдайлардан қорғауға арналған. Ол автокөліктің негізгі конструкциясына немесе стандартты үш нүктелі қауіпсіздік белдігіне бекітіледі.

  • toyota accessories

    Ультрадыбыстық тұрақ сенсорлары

    Автомобильдің артқы және/немесе алдыңғы бөлігіне жақын орналасқан кедергілерді анықтайды. Қабілеттілік радиусы кедергінің көлеміне байланысты 110-нан 150 см-ге дейін жетеді, бұл соқтығыстар мен сызаттардың алдын алуға, сондай-ақ көлікті тығыз жолдарда тұраққа қоюды және жүргізуді жеңілдетеді.

  • toyota accessories

    Құпия гайкалар жинағы

    Шыңдалған болаттан жасалғандықтан әдеттегі құралдармен өңдеуге немесе кесуге  мүмкіндік бермейді, осылайша ұрлықтан қорғайды. Тек әрбір құпия гайка жинағымен бірге берілетін арнайы кодталған кілтпен ғана ашуға болады.

  • c

    Шинаның қысымын бақылау датчигі

    Шиналардағы қысымның төмендегені туралы жүргізушіні хабардар ететін қауіпсіздік жүйесі.  Көлікті басқаруды оңтайландырып, отын шығынын азайтуға және апаттардың алдын алуға көмектеседі.